«ASTANA MUSICAL» театры Халықаралық комедиялық театр фестивалінде үздік атанды

театр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры «Үздік комедиялық спектакль» номинациясын иеленді.

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналды. 

«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары, одан бөлек Әзербайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты.

«ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Иманбектің өңдеуіндегі «РУХ» бейнеклипі бір күнде 17 мыңнан астам көрілім жинағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар