Астанада «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді

жарыс
Фото: bolashakcharity

АСТАНА. KAZINFORM – 18 мамыр күні Астана қаласында аутизм мәселесіне назар аудару мақсатында болатын жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтеді.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының www.bolashakcharity.kz «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы аясында аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталады. 

Жүгіріске қатысуға кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-аналары шақырылады. 

Астана
Фото: bolashakcharity

Спорттық іс-шара төрт қашықтықта өтеді:

• 1 км – 5 990 теңге.

• 2,5 км – 6 990 теңге.

• 5 км – 7 990 теңге.

• 10 км – 8 990 теңге.

Шарттары:

- Әр қатысушы жарысқа тек бір қашықтық бойынша қатыса алады.

- Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.

- Мәреге жеткендердің барлығына (жынысына, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан) медаль беріледі.

- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері жүгіріске тегін қатысады. 

спорттық іс-шара
Фото: bolashakcharity

Іс-шара аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Cпорттық іс-шараға қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары, «Argymaq» премиалды брендінен құны 250 000 теңге сертификаттар, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінен құны 15 000 теңге және 20 000 теңге сертификаттар, «Templ» фитнесс орталығынан жылдық абонемент және тағы басқа бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

Спортық іс-шара
Фото: bolashakcharity

Қайырымдылық марафонының өтетін орны мен күні: Астана қ. Триатлон паркі, 18 мамыр, сағат - 08:00. 

Қашықтықтар бойынша жүгіріске тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу: https://forms.gle/TYDwPw39WFpATLMZ7  

Соңғы жаңалықтар