Атырау облысында 595 үйге техникалық бағалау жүргізілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Батыс Қазақстанда 114 тұрғын үй салмақшы
Фото: Бауыржан Ширмединұлы

АСТАНА. KAZINFORM – Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында 2,6 млн текше метрден астам су сорылды. Соңғы 10 күнде 460 үй, 10 көпқабатты тұрғын үй, 38 әкімшілік және кәсіпкерлік нысанда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілген.

Бір тәулікте 90 үйде электрмен жабдықтау және 20 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді.

Бұл мәліметтерді Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

Бүгінде өңірде залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.

«Азаматтардан 2643 өтініш қабылданып, 595 үйге техникалық бағалау жүргізілді. Объектілерді техникалық тексеру жұмыстары жалғасуда. Жайық өзеніндегі су тасқынына байланысты Атырау облысының аумағында алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың 98%-ы аяқталды. Яғни, 525 шақырым жағалауды нығайту бөгеттерінің 506 шақырымы салынып бітті», - деді Руслан Жұмағазиев.

Соңғы жаңалықтар