Атырау облысындағы Бағырлай каналына 10 жылдан соң мол су келіп жатыр

Атырау облысындағы Бағырлай каналына 10 жылдан соң мол су келіп жатыр
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Бағырлай каналына 10 жылдан соң мол су келіп жатыр.

«Қазсушар» РМК Индер өндірістік учаскесінің өкілі Сұңғат Есенжанұлының айтуынша, Бағырлай – Индер ауданындағы 4 каналдың бірі. Каналға сәуірдің 20-нан кейін мол су келе бастаған.

«Батыс Қазақстан облысының аумағынан бастау алатын каналдың ұзындығы – 105 шақырым. Каналға бұған дейін Жайық өзенінен екі насоспен су айдалып келген еді. Ал биыл Жайыққа мол су келіп, Бағырлай арнасы табиғи жолмен суға тола бастады. Бұл каналда соңғы жылдан бері мұндай мол су болмаған еді», - дейді Сұңғат Есенжанұлы.

Оның айтуына қарағанда, Индер ауданындағы «Бағырлай» каналындағы су ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады.

Еске сала кетелік, Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар