БАӘ, Дания, Македония және Португалиямен автотасымалдау саласындағы келісім қашан рәсімделеді

грузовики
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрлігі БАӘ, Дания, Македония және Португалиямен автотасымалдау саласындағы үкіметаралық келісімге қашан қол қойылуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

«Біріккен Араб Әмірліктері, Дания, Македония және Португалиямен халықаралық автомобиль тасымалдары саласында үкіметаралық келісімдер жасасу бойынша аталған мемлекеттердің көлік саласындағы құзыретті органдарымен келісім мәтіндерін келісу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар аталған мемлекеттермен келісім жасасу Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттарды жасасудың 2025-2027 жылдарға арналған перспективті жоспарына енгілгенін атап өтеміз», - делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, БАӘ, Дания, Македония және Португалиямен халықаралық автомобиль тасымалдары саласында үкіметаралық келісімдер жасасу отандық тасымалдаушыларға тасымалдарды орындауға құқықтық негіз береді. Автотасымалдар аталған келісімдер аясында рұқсаттармен алмасу негізінде жүзеге асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар