БЕКМЕТОВ МҰХАММЕД-МАҚСҰТ ХАМИДОЛЛАҰЛЫ

None
None
Бекметов Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы (1983-1912) - қоғам қайраткері, публицист, революцияның белсенді қатысушысы. Семей облысының Қарқаралы уезінде туған (қазіргі Қарағанды облысы).

Қарағанды және Омск қалаларында білім алған. 1900 жылдан бастап Омбы пошта-телеграф кеңсесінің шенеулігі. 1906 жыдан - елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін тұтқынға алынып, Қазан қаласына жер аударылды. Саяси-әлеуметтік, мәдени-танымдық мазмұндағы мақалалардың авторы. Екінші рет тұтқындалып, Орынборға жер аударылды. 1909 жылы Санкт-Петербордан шығатын «Речь» газетінде Семей түрмесінде азап шеккен Ахмет Байтұрсынұлына бостандық берілуін талап еткен мақаласы шықты. Осы жылы Қазан қаласында «Қазақ өлеңдері» атты жинағы жарық көрді.

1905 жылы - Омск қаласындағы пошта-телеграф кеңсесінің 5 дәрежелі шенеулігі, революцияның белсенді қатысушысы болған. Ол өзінің жерлестерімен 1905 жылғы қазан айындағы бүкілресейлік саяси ереуіл қарсаңында тығыз байланыста болды. Осы жылы ол Солтүстік Қазақстанда революциялық идеяларды насихаттаған. 1912 жылы Орынбор қаласында патша айдауынан қайтыс болды.





Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклпедиясы, 2 том.

Соңғы жаңалықтар