Бейжіңде ШЫҰ саммитіне дайындық барысы талқыланды

ШОС
Фото: Нарымбек Исмагулов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 22-25 сәуірде Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Хатшылығында қазақстандық тараптың төрағалығымен Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтті. Бұл туралы ШЫҰ телеграм-каналында хабарланды.

«Астана қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырыстарына дайындық және мазмұны мәселелері, сондай-ақ саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастыққа қатысты құжаттардың жобалары елеулі түрде қарастырылды», - делінген хабарламада. 

ШЫҰ аясында практикалық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Ұйымды және оның тұрақты органдарын жаңғырту, сондай-ақ ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктестерімен және халықаралық бірлестіктермен жұмысын күшейту тақырыбы бойынша пікір алмасу өтті. 

4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді. Әңгімелесушілер ШЫҰ жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. 

2024 жылды Қазақстанның сыртқы саясатының жылы деп белгілеуге болады – біздің еліміз бірден алты халықаралық ұйымды басқарып отыр.

Соңғы жаңалықтар