Былтыр мемлекеттік сатып алу көлемі 6,6 трлн теңге болды

Мемлекеттік сатып алу
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы мемлекеттік сатып алудың қорытынды сомасы аталды.

«Бүгін Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады. Бұл заңның басты ерекшеліктеріне тоқталсақ, мемлекеттік сатып алу процедуралары қысқарады. Сонымен қатар қоғамдық бақылау институты енгізіледі. Одан бөлек, заңнама аясында отандық тауар өндірушілердің қолдау мақсатын көздеп отыр. Жалпы мемлекеттік сатып алу порталы ашық, оған кез келген адам кіріп көре алады», - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Сондай-ақ, вице-министр мемлекеттік сатып алу көлеміне қатысты пікір білдірді. 

«Биыл сома айтарлықтай өзгереді деп айта алмаймын, өсу бар. Өткен жылы мемлекеттік сатып алудың көлемі 6,6 трлн теңгені құрады», - дейді ол. 

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдады. 

 

Соңғы жаңалықтар