Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытындағы жол құрылысы жалғасады

жол
Фото: АлександрПавский/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 68-139 шақырым, жалпы ұзындығы 71 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы жалғасын табатын болады.

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін 13,5 шақырым жолға асфальт жабыны төселді.

Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоспар бойынша 10 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар