Бүгін Ақтөбе облысында ауа ластанады

ауа сапасы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Ақтөбе облысында жайсыз метеоррологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылғы 5 мамырда Ақтөбе қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар