Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

ауа
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, аа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар