«Бурабай» ұлттық паркіндегі көлдерден 26 тоннадан астам қоқыс жиналды

Көл
Фото: ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық паркі

АСТАНА. KAZINFORM – Жасы басынан бері ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағыкөлдердің мұз басқан айдындары мен жағалауынан 26 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Қыс мезгілінде әуесқой балықшылар мен табиғат аясында демалушыларшашқан қалдықтарды «Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері «Мөлдірайдын» акциясының аясында үнемі тазалап тұрады. Қоқыс жиналмай қалса, табиғатқа залал келіп, балықтардың қырылуына да әкеп соқтыруы мүмкін.

Қоқыс жинау
Фото: ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық паркі

Дәстүрлі акция бойынша бүгін де Ұлттық парктің алпыстан астам қызметкеріжергілікті азаматтармен бірлесіп, Бурабай, Шучье, Қатаркөл, Кіші Шабақты көлдерінің айдыны мен төңірегінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияға «Бурабай-Даму» серіктестігі де атсалысқанын айта кетейік. Тұрмысқалдықтары, құрылыс материалдарының бөліктері, темекі тұқылдары сынды1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

бурабай
Фото: ҚР ПІБ «Бурабай» ұлттық паркі

— «Бурабай» ұлттық паркі аумағындағы көлдердің ихтиофаунасы қыстанжақсы шықты. Қыс бойы Жүкей мен Қатаркөлде 23 рет аэрация жұмысы жүргізіліп, балықтар мен басқа да жәндіктерге оттегі жеткілікті болуынажағдай жасалды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мұз еріген кезде көл ластанбауыүшін алдын-ала айдынды тазартып шықтық. Алда жаз маусымы, Халықтан өтінеріміз, демалуға келгенде, балық аулағанда қалдық қалдырмаса екен, — дейді инженер-ихтиолог Нұрман Айтхожин.

Соңғы жаңалықтар