Денис Евсеев Гамбургтегі турнирді жеңіспен бастады

Денис Евсеев
Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 180-ракеткасы Денис Евсеев Гамбург (Германия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Іріктеу сайысының 1-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев дүниежүзілік рейтингіде 558-орында тұрған германиялық Адриан Отцбахпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда корт иесі тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:1). Бұдан кейін қазақстандық теннисші матч тізгінін қолына ала білді – 7:5, 6:2. 

2 сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Денис 6 эйспен бірге 24 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды. Қарсыласы 13 эйс, 5 брейкпен (10 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың жұптық сында Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. 

Анна Данилина Индиан-Уэллсте жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар