Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар
Фото: Pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 440 – 445 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 441,66 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге. 

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 440 — 445 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 441,7 — 443,4 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,69 — 4,82 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,52 теңгеге төмендеп, 441,58 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар