Душанбеде ТМД көші-қон ведомстволарының басшылары бас қосады

ТМД
Фото: khovar.tj

АСТАНА. KAZINFORM – 28 мамырда Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің көші-қон органдары басшылары кеңесінің 28-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды Тәжікстанның Ховар  ақпарат агенттігі.

Отырыс жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитеті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы және Кәсіподақтар жалпы конфедерациясының өкілдері қатысады.

Кездесу аясында Тәжікстан мен Ресей Федерациясының тиісті көші-қон органдары басшылығының екіжақты кездесулері өтеді.

Соңғы жаңалықтар