Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді

Туризм
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

Биыл басым туристік аймақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, барлық аймақта өсудің ең перспективалы орындары анықталды. Әр дестинацияда басым туристік аймақтар құру жоспарланып отыр. Министрлік туризмде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 131 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды», - деді ол.

Ермек Маржықпаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның атап өтуінше, 2023 жылы Маңғыстау облысының «Жылы жағажайына» инфрақұрылымды жеткізу бойынша бірқатар жобалар аяқталды. Биыл Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш әуежай терминалының құрылысын аяқтау жоспарланған.

«Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырып, туристік дестинациялардың қолжетімділігіне оң әсер етеді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар