Астанада оқушыларға арналған халықаралық ғылыми форум өтті

Елорда
Фото: ҚР Президенттік орталығы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында еліміздегі Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты халықаралық ғылыми форум өтті. 

Іс-шараны балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды. Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздегі оқушылар мен мұғалімдер қатысты.

«Ғылым мен білім біздің қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Сіздің осы форумға қатысуыңыз – әлемді білім мен инновация қалыптастыратын болашақты құрудағы қадам. Осында отырған оқушылар еліміздің болашағы және сіздің проблемаларды шешуге деген қызығушылығыңыз, ынта-жігеріңіз және шығармашылығыңыз ғылым мен білім беруде жаңа биіктерге жету үшін қажет негізгі қасиеттер саналады», - атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Елорда
Фото: ҚР Президенттік орталығы

BRISEC Президенті, Қытай Ғылым академиясының академигі, профессор Хянг Пинг Ву халықаралық ынтымақтастық ғылыми әлеуетті дамыту үшін негіз саналатынын, сондай-ақ ғылыми білім кедергілерді бұзатын және жаһандық қауымдастықты ағартатын әлем құру қажет екенін атап өтті. 

«Ғылыми форум – өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін шоғырландыратын және олардың ғылымға деген адалдығын көтермелейтін коммуникативтік алаң. Мектеп оқушыларына арналған ғылыми форумның мақсаты – ғылым, инновация және өнертабыстың түрлі салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған жасөспірімдердің ғылыми жобаларын көрсету. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен алғаш рет 700-ден астам оқушы, сондай-ақ Қырғызстан, АҚШ, Индонезия, Өзбекстаннан келген оқушылар қатысады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де осы форумның өсіп келе жатқан танымалдылығын айғақтайды», - деді ICSC Президенті Ләззат Құсайынова. 

Бұл шараның ерекшелігі – форум спикерлері шетелде халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары атанған балалардың өздері, сондай-ақ ғылыми әзірлемелері патенттеу немесе авторлық құқықты тіркеу сатысында тұрған жасөспірімдер болды.

Астана
Фото: ҚР Президенттік орталығы

Іс-шара соңында Президенттік орталықтың музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Онда форумға қатысушылар президенттік институтты дамыту призмасы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен егжей-тегжейлі танысты.

Атап өткен жөн, Президенттік орталықтың жастардың азаматтық санасын қалыптастыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жасампаз құндылықтарын нығайтуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі ұйым басымдықтардың бірі саналады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап ҚР ПІБ Президенттік орталығы Қазақстанның орта оқу орындарының 600-ден астам оқушысын қамти отырып, 20-ға жуық түрлі мәдени-білім беру іс-шараларын өткізді. 

Соңғы жаңалықтар