Еуропалық комиссия Батыс Балқанға қосымша 680 миллион еуро инвестиция бөлуді жоспарлап отыр

Еурокомиссия
Фото: primeminister.kz

Сәрсенбі күні Брюссельде Еуропалық Одақ-Батыс Балқан елдерінің жоғары деңгейдегі саммиті өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Батыс Балқандар – Еуропалық одақта Оңтүстік және Шығыс Еуропаның алты еліне қатысты қолданылатын термин: Албания, Босния, Герцеговина, Черногория, Косово, Солтүстік Македония және Сербия.

Саммит қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия өзінің экономикалық және инвестициялық жоспары аясында Батыс Балқан елдері үшін 680 миллион еуро көлеміндегі қосымша инвестиция пакетін жариялады.

Инвестицияларды өңірдегі теміржол көлігі саласына және жаңартылатын энергия көздеріне бағыттау жоспарланды.

Соңғы жаңалықтар