Еуропарламент депутатына шабуыл жасалды

полиция Германии
Фото: РИА Новости / Алексей Витвицкий

АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Дрезден қаласында жұма күні кешкісін Еуропалық парламенттің мүшесі Маттиас Эккеге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

41 жастағы Маттиас Экке социалистер партиясының Еуропалық парламенттегі мүшесі. Ол 4 жас жігіттің шабуылынан соң ауыр жарақат алды және операцияны қажет етеді.

Германияның социал-демократиялық партиясы М.Эккеге шабуыл үшін ультраоңшыл топтарды айыптап отыр.

Еуропалық парламент төрағасы Роберта Метсола аюандықпен жасалған шабуылды айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

«Маттиас, Еуропалық парламент сізді қолдайды»,-деп жазды ол «X» әлеуметтік желісінде.

Соңғы жаңалықтар