Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: kff.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасы маусым айында Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Кездесу 11 маусымда Сомбатхей қаласының «Халадаш» стадионында болады. Басталуы Астана уақытымен 21:00-ге белгіленген.

Қос құрама бұған дейін 10 мәрте кездесті. Оның 5-де жеңіске жетсе, 2-і тең аяқталып, 3-де қарсыласына жол берді.

Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар 7 маусымда Армения астанасы Ереванда сол елдің құрамасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар