Израиль Al Jazeera телеарнасының кеңселерін жауып тастады

телеарна
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль билігі елдегі Al Jazeera телеарнасының кеңселерін жабу туралы шешім қабылдады. Ол телеарнаны арандатушы деп атады, деп жазады Еuronews.

Израиль үкіметі Катарға тиесілі Al Jazeera телерадиокомпаниясының жергілікті кеңселерін жабуға бірауыздан дауыс берді.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл шешімін X платформасында жариялады, бірақ бұл қадамның арнаға әсері, қашан күшіне енетіні және шараның тұрақты немесе уақытша екендігі белгісіз.

Израильдік БАҚ дауыс беру Израильге елдегі арнаның жұмысын 45 күнге тоқтатуға мүмкіндік беретінін хабарлады.

«Мен басқаратын үкімет бірауыздан «Әл-Жазира» арандатушылық арнасын Израильде жабу туралы шешім қабылдады», - деп жазды Нетаньяху X әлеуметтік желісінде.

Әл-Жазира Израильге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Al Jazeera — соғыс бойы Газадағы әуе шабуылдары мен ауруханалардың қанды көріністерін таратып, Израильді халықты жаппай қырғаны үшін айыптаған санаулы халықаралық ақпарат құралдарының бірі. Израиль Әл-Жазираны ХАМАС-пен ынтымақтасады деп айыптады.

Соңғы жаңалықтар