Израиль әрекетіне наразы топ The New York Times газетінің редакциясына кіріп кетті

Израиль әрекетіне наразы топ The New York Times газетінің рекдакциясына кіріп кетті
Фото: pixabay.com

Израильдің Газа секторындағы әрекетіне қарсы шыққан бірнеше адам кеше Нью-Йорк орталығындағы The New York Times газеті редакциясына кіріп кетті. Бұл туралы ТАСС тілшісіне оқиға орнында болған куәгерлер айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

Олардың сөзінше, Палестинаны жақтаған бірнеше белсенді ішке кіріп кеткен. Біраз уақыттан кейін оларды күзет алып шықса, кейбірін полиция ұстап әкеткен.

Наразылыққа шыққандар есіктерге «жалған» деп жазып кеткен, сондай-ақ ғимараттан «Газа секторын босатыңдар» және «БАҚ өтірік айтқан сайын Газа секторында адамдар өліп жатыр» деген жазбалар байқалады.

Ғимарат маңын күшейтілген полиция жасағы күзетіп тұр, жақын аумақтың бір бөлігін құқық қорғаушылар қоршауға алды.

Соңғы жаңалықтар