Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим қашан басталады

вьетнам
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визалық талаптардан босату туралы келісім жөнінде баяндады.

«2023 жылғы 21 тамызда Вьетнамның Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді», - деді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.

Жалпы Қазақстан визасыз елдер тізімін 82-ге дейін көбейтті. 

Соңғы жаңалықтар