Қазақстан ТМД елдерімен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

 Құмар ойынға тәуелді адамдар психикалық денсаулық орталықтарына есепке алынуы мүмкін
Фото:

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Заңның мақсаты - 2022 жылғы 28 қазанда Астана қаласында қол қойылған аталған келісімді ратификациялау. Құжат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты және биологиялық қатерлерге қарсы іс-қимылдың ұжымдық жүйесін дамытудың құқықтық негіздерін нығайтуға бағытталған.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметіне қарағанда, келісімнің ережелері төтенше жағдайларды жою бойынша ТМД мемлекеттеріне көмек тәртібін регламенттейді, сондай-ақ мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалар құруды көздейді және жұмыстың негізгі бағыттарын, сондай-ақ оларды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде пайдалану шарттарын айқындайды.

Келісімге сәйкес мамандандырылған эпидемияға қарсы бригада жұмысының негізгі бағыттары: инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын анықтау, қауіпті инфекциялық аурулардың эпидемиялық ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысу, сұрау салушы Тарап мемлекетінің медициналық ұйымдарына консультативтік-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету ескерілген.

Құжат эпидемияға қарсы бригаданы төтенше жағдай аймағына көшіру, мемлекеттік шекара арқылы басымдықпен өткізу, жабдықтар мен шығыс материалдары транзиті, жеке құрамның еңбегіне ақы төлеу және оларды сақтандыру, тамақ және орналасқан жерді қорғау мәселелерін реттейді.

Заң қабылданғаннан кейін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға мониторинг және шұғыл ден қою жүйесін қалыптастыру бағытында оңтайлар нәтижелер болады деп ескерілген.

Соңғы жаңалықтар