Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауыты қалай құрылды

зауыт
Фото: ҚазМұнайГаз

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауытының іргетасы 1943 жылы Атырауда қаланған. 

1943 жылы сәуірде КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Кеңес Одағының шығыс аймақтарында мұнай өңдеу зауытын салу туралы құпия қаулы шығарды.

зауыт
Фото: ҚазМұнайГаз

Кәсіпорынның орналасатын жері Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы болып бекітілді.

Зауыт құрылысына американдық инженерлер белсенді атсалысып, техникалық жобасын дайындап, «ленд-лиз» шарты бойынша жабдықтардың бір бөлігін жеткізді.

Жобаны жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, кейіннен зауыттың алғашқы басшысы болған Гавриил Гореченков бастаған кеңестік инженерлер жүзеге асырды.

Қазақтан шыққан тұңғыш мұнай инженері, даңқты мұнайшы Сафи Өтебаев техникалық құжатты әзірлеуге белсене қатысты.

сафи өтебаев мұнайшы
Фото ашық көздерден

Зауыт құрылысы 1943 жылы қазанда басталды. Қуаты жылына 800 мың тонна мұнай өңдейтін кәсіпорын соғыстан кейін іске қосылды. 

1945 жылы 8 қыркүйекте №441 МӨЗ-і алғашқы өнімін – автомобиль бензинін шығарды.

Осылайша Қазақстанның мұнай өңдеу саласының негізі қаланды.

мұнай
Фото: ҚазМұнайГаз
мұнай
Фото: ҚазМұнайГаз
ескі
Фото: ҚазМұнайГаз

 

Соңғы жаңалықтар