Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды

теннис
Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтар Линара Бөлешева мен Медина Өтепберген Албанияда 16 жасқа дейінгілер арасында өткен Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында финалда италиялықтар Иецца — Маффиді тартысты матчта 6:2, 4:6, 10:2 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Линара финалға дейін жетіп, онда жарыстың 6-ракеткасы, түркиялық Сера Хасанбасоглуға жол берді — 3:6, 3:6. 

Линараның белгілі футболшы, кезінде Қазақстан құрамасында доп тепкен Әлібек Бөлешевтің қызы екендігі мәлім. 

Тунисте ITF Juniors J60 сериясы бойынша дода аяқталды. Тағы бір қазақстандық Зара Дәркен жұптық сында финалға дейін жетті.

Сондай-ақ жекелей сында жартылай финалда ойнауы тиіс болатын. 

Бірақ басқа жарысқа кетуіне байланысты Зара соңғы кездесулерін өткізе алмады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде үздіктер қатарында келе жатқанын жазған болатынбыз.

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекорд орнатты, ал Юлия Путинцева әлемдік рейтингте ТОП-40-қа жақындады.


Соңғы жаңалықтар