Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр

Қазалы ауданы
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан тұрғындары, белсенді жастары мен волонтерлерінің қатысуымен Әйтеке би кенті Жанқожа батыр көшесіндегі су арналарын қоқыстан тазарту, 300 түп қаламша және гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіліп, 200 адам қамтылды.

абаттандыру
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Сондай-ақ, «Biz taza aimaq ushin» акциясы аясында аудан жастарының ұйымдастыруымен «Қоқысты балмұздаққа айырбаста» шарасы өтіп, белсене қатысқан жастарға балмұздақ таратылды. Аудан тұрғындары жастардың өнегелік істеріне ризашылықтарын білдірді.

абаттандыру
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі
абаттандыру
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі
баттандыру
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі
Жасыл аймақ
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар