Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібі бойынша алдыңғы орында келеді

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - 2024 жылғы алғашқы екі айдың қорытындысымен Қызылорда облысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, өңдеу өнеркәсібінің өсімі, негізгі капиталға инвестиция тарту, негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер бойынша бірінші орында келеді.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бірінші орында келеді.

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бұл жөнінде Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткен болатын.
Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары жоғары орындарда келеді.

Оған қоса Қызылорда облысы негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер өсімі бойынша алдыңғы орынға шыққан. Қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,2%-ға, барлық макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өскен.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында тұр. Өңірлер бойынша ең жоғары инвестициялық көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалған.

 

Соңғы жаңалықтар