Қызылорда облысында қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті

өрт
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында өрт салдарынан мал қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті.

Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 12.33-те Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кенті Б. Өтепов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.

Аталған мекенжайда мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталып жатыр.  

«Оқиға барысында 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кеткені белгілі болды. Оған Сырдария ауданындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келмегені анықталды» деп мәлім етті Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада өрт салдарынан 4 гараж, 6 сарай, 1 көлік өртеніп кетті.

Соңғы жаңалықтар