Кадиллак Көкшетаудағы музей ауласында қашан пайда болды

кадиллак
Фото: Көкшетау тарихы мұражайы

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетау қаласында ХХ ғасырдың басында бой көтерген ғимараттар күні бүгінге дейін сақталған. Мәселен, бір кездері В.В. Куйбышевтің үйі болған ғимарат бүгінде  «Көкшетау қаласының тарихы» мұражайы ретінде жұмыс істейді. Ауласында 1930 жылы шыққан америкалық General Motors маркалы «Кадиллак» ретро көлігі тұр. Бұл — музейдің баға жетпес және бірегей экспонаты. Айтуынша, В. Куйбышев оны Мәскеуде жұмыс істеген кезде мінген. Көлік Мәскеуден Көкшетау қаласына 1949 жылы жеткізілген. 

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихы мұражайы

Биыл Көкшетау қаласының құрылғанына 200 жыл, ал «Көкшетау қаласының тарихы» музейі ғимаратының іргесі қаланғанына 75 жыл (1949 жыл) толады. Ол 2000 жылға дейін В.В. Куйбышев атындағы мемориалдық мұражай деп аталып келді. Ресми түрде «Көкшетау қаласының тарихы» мұражайы 2004 жылы келушілерге есігін айқара ашты. Музей қаланың ескі бөлігінде, Қанай би көшесінде (бұрынғы Чапаев көшесі) орналасқан. Дәл осы жерде Бұқпа шоқысының етегіндегі Қопа көлінің жағасында ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Көкшетау қаласының іргесі қалана бастады. 

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихы мұражайы

Ақмола облысы бойынша өлкетанушылар қауымдастығының төрайымы Гүлбаршын Салықтың мәліметінше, мұражай кешені бірнеше жеке ғимараттан тұрады және республикалық маңызы бар тарихи сәулет ескерткіші саналады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы үйлер сияқты ағаштан салынған. 

музей
Фото: Көкшетау тарихы мұражайы

«Бұл ескі үйде 1889 жылдан 1905 жылға дейін Куйбышевтар отбасы тұрды. 1949-1982 жылдар аралығында мұражайдың ұйымдастырушысы және бірінші директоры Елена Владимировна Куйбышева (В.В. Куйбышевтің әпкесі) болды. Сәулет тұрғысынан әдемі үйде кеңес дәуірінің болашақ мемлекет қайраткері В.В. Куйбышевтің отбасы өмір сүрді, оның балалық  және жастық шағы осында өтті», — дейді өлкетанушы.

музей
Фото: Көкшетау тарихи музейі

Оны осында оған арналған экспозиция еске түсіреді. Атап айтқанда, оның Кремльдегі пәтерінен жеткізілген жеке заттары жеткізілген: жиһаз, ыдыс, аңшылық белбеу, қанжар, жібек құртының кокондары (өзбек жұмысшыларының сыйы), жеке жазба жинағы, энциклопедия (авторы Куйбышев), үстел сағаты. 

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихи музейі
Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихи музейі

Сонымен бірге, өзге жәдігерлер де сол кездегі тарихтан сыр шертеді. Атап айтқанд, немістің «Дюркопп» (1930) велосипеді, сондай-ақ ат көлігінің ескі түрлері — «кошева» қысқы шанасы және жазғы арбасы. Мұражайдың 5 залында хронологиялық дәйектілікпен Көкшетау қаласының 1824 жылы құрылғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі даму тарихының негізгі кезеңдері көрсетілген. Фотосуреттерде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қала бейнеленген. 

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихи музейі

Сонымен бірге, мұржайда Көкшетау өңірінде 1941-1945 жылдары он госпиталь орналасқандығы туралы мәліметтер бар. Қаладағы № 1054 және № 3604 әскери госпитальда фашист тұтқындары емделген. № 1054 ауруханасына түскен тұтқындар Тамбов тарату лагерінен болған және Қарағанды қаласындағы шахта жұмысшылары да осында жатқан. Ал № 3604 әскери ауруханасы 1943 жылы 1 тамызда Павлодардан Көкшетау қаласына көшірілген. Кейін тұтқындарды ұстап тұруға жағдайдың жоқтығынан әскери госпиталь қаладан көшіріліп әкетілген. Бұл госпитальдың қайда көшірілгені жайлы құжатта жазылмағанымен, № 1054 арнайы әскери госпиталіндегі тәртіп және күзет бастығының бұрынғы орынбасары, Көкшетау қаласының тұрғыны Иван Гнётовтың мынадай естелігі сақталған. 

«Госпитальда неміс тұтқындары емделді. Олардың арасында румын, итальян, венгр, югослав, жапондар мен испан халқы да болды. 1946 жылдың күзінде тұтқындардың әскери госпиталі түгелімен жойылды».

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы Науан Хазіреттің есімімен аталған ескі мешіт туралы жазған едік.

Көкшетау қаласының тарихы мұражайы
Фото: Көкшетау тарихи музейі
Соңғы жаңалықтар