ҚПЛ: «Шахтер» мен «Қайсар» тең нәтижеге қанағат білдірді

Футбол
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры мәресіне жетті. Бұл турдағы соңғы ойында «Шахтер» мен «Қайсар» командалары кездесті.

Екі команда биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Салдарынан турнир кестесінде көш соңында келеді. Сондықтан әрбір ойында командалар жағдайын жақсартуға күш салатыны анық болатын.
Кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына жиі шабуылдады. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар өздерінің көптеген мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бұл турдағы басты кездесу «Ақтөбе» мен «Астана» ойынында 1:1 есебі тіркелсе, «Қайрат» «Атырауды», «Тобыл» «Жетісуды», «Тобылы» «Жетісуды», «Тұран» «Қызылжарды» 1:0, «Елімай» «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңді.

Енді сегізінші тур ойындары 11 және 12 мамыр күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар