ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Отан қорғаушылар күніне арналған бейнебаянды ұсынды

Президентский оркестр СГО РК выпустил видеоклип ко Дню защитника Отечества
Фото: кадр видеодан алынды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестріне қарасты «ABYROY» тобы «РУХ» бейнебаянының тұсаукесерін өткізді.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында белгілі отандық режиссер Еламан Буралкиевтің түсіру тобының продюсерлігімен ҚР МҚК Президенттік оркестрінің «ABYROY» тобы «РУХ» бейнебаянының премьерасы өтті. Бейнебаян ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Youtube желісіндегі (@sgork_official) парақшасында жарияланды.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі хабарлағандай, «РУХ» композициясы аз уақыттың ішінде әлеуметтік желі қолданушылары арасында танымал бола бастаған. Туындының музыкасын Жанболат Әділов, сөзін Рүстем Арсланов жазған. Композицияны өңдеуге Иманбек Зейкенов те атсалысқанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, бейнебаянда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» қызметінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштері арнайы операциялық әскерлерінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі сипатталады.

Соңғы жаңалықтар