Күн райына байланысты Астана мен Павлодар облыстарында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Сағат 00:00–дегі ақпар бойынша, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана — Ерейментау — Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы учаскесі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы QazAvtoJol-дың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты Астана-Ерейментау-Шидерті автомобиль жолының 200-254 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Тіпті бүгін түнде Астанаға қар түсті.
27 ақпанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қар түсіп, күтпеген жағдай болғанын жазған болатынбыз.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 1-2 мамыр күндерінің Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялағанын хабарлаған едік. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауатыны болжанған еді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.