Іле-Балқаш табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр

өрт
Фото: ТЖМ

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресіп жатыр. 

Осы уақытта Алматы облысының Балқаш ауданында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. 

В Алматинской области борются с возгоранием сухостоя
Фото: ТЖМ

Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті.

Өрттің алдын ала аумағы — 18 га.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

В Алматинской области борются с возгоранием сухостоя
Фото: ТЖМ

«Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертіп отырған қатты жел өрт ошақтарын сөндіруге қиындық туғызып жатыр» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.  

 

Соңғы жаңалықтар