Маңғыстауда техникалық реттеу және метрология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

 Әлем Уәлиев
Фото: Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстауда техникалық реттеу және метрология комитетінің өңір бойынша департаментінің басшысы болып Әлем Уәлиев тағайындалды.

Әлем Уәлиев 1978 жылғы 2 қыркүйекте Ақтау қаласында дүниеге келген.

Ол 2003 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын, 2007 жылы Каспий қоғамдық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстан жетекші сәулет және құрылыс академиясын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша аяқтады.

Жаңа лауазым иесі алғашқы еңбек жолын 1998 жылдың 1 қазанында Атырау қалалық салық комитетінде инспектор болып бастаған. Кейін аға салық инспекторы міндетіне бекітілді.

Сондайй-ақ, әр жылдары "Семсер" ЖАҚ-тың өрт сөндіру күзетшісі, жөндеу және техникалық қондырғыларға қызмет көрсету жұмыстары жөніндегі 2 разрядты слесары, Атырау облысы бойынша салық комитетінде жетекші маман, бас маман, Атырау облыстық Прокуратурасында бас маман, Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде бас маман болып еңбек етті.

2008 жылдан Атырау облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдары "Ақпараттық технологиялық орталығы" КМК басшысы, 2012-2013 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің "қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС басшысы болып еңбек етті.

Ал 2014-2016 жылдары Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, қалалық құрылыс бөлімінің бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы, бөлім басшының міндетін атқарушы, 2021 жылдан Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдан осы күнге дейін Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, департаментінің басшысы міндетін атқарған.

Соңғы жаңалықтар