Мектеп психологтерін басқаша атау ұсынылды

школьный психолог
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Сенатта өтіп жатқан дөңгелек үстелде Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов мектеп психологтерін басқаша атауды ұсынды.

«Ондай менталитет жалпы Қазақстанда да бар шығар. Бізде, оңтүстікте психолог дегеннен ата-аналар шошиды. Психологті психиатрмен шатастырып, балам „псих боп шықты ма“ деп есептейді. Сол себептен осы мамандықтың атауын өзгертсек, қиындық туындамайтын шығар. "Тәрбиеші" немесе "нұсқаушы" атауға болатын сияқты.

Біліктілікте психолог мамандығы бола берсін, ал былайша атауы біз ұсынғандай болса дұрыс болар еді», — деді ол.

Сондай-ақ, ол мектептегі күзет қызметінің құнын көтеруді ұсынды. Айтуынша, қазіргі құнына сапалы қызмет көрсететін ұйымдар қызықпай отыр.

Соңғы жаңалықтар