Михаил Кукушкин Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Кукушкин
Фото: kukushkin_mikhail / Instagram

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 100-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринді жолдан тайдырды.

Аса тартысты өткен матчта М.Кукушкин камбэк жасап, 5:7, 7:6 (11:9), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. 3 сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында ол 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Гарин 15 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 142-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцманмен ойнайды. Шварцманды жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдік рейтингіде рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде ТОР-40-қа жақындады.

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды. 

Соңғы жаңалықтар