22:41, 23 Сәуір 2024 | GMT +6
НАТО сыртқы істер ведомствосының басшылары Чехияда кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – 30-31 мамыр күндері НАТО сыртқы істер ведомстволары басшыларының кезектен тыс мәжілісі өтеді.
Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігінен мәлім болды.
«НАТО сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі Бас хатшы Йенс Столтенбергтің басшылығымен 30-31 мамыр күндері Чехияда өтеді», - делінген баспасөз-баянында.
Альянс өкілдері күн тәртібіне енгізіліп отырған мәселелер туралы нақтыламады.