Оқжетпестегі тың емдік шара: Нафталан қандай ауруға ем

оқжетпес, 2024 сәуір
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде Президент Іс басқармасына қарасты Медициналық орталықтың бірнеше шипажайы бар. Оның бәрі Бурабайда орналасқан «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне біріктірілген. Нақтырақ айтсақ, осы кешен құрамына Алматыдағы «Almaty resort», Ресейдің Ессентуки қаласында орналасқан «Қазақстан» шипажайлары кіреді. Бұл емдеу-сауықтыру орталықтарын ірі шипажайлар деуге болады. Мәселен, 2022 жылы жарияланған рейтингке сәйкес, Ресейдегі «Қазақстан» шипажайы Ессентуки, Кисловодск, Железноводск сынды қалаларда орналасқан 150-ден астам шипажайлардың ішінде үшінші орынға шығып отыр.

Оқжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Оқжетпес» заманауи шипажайға айналады

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Яков Стерлиговтің айтуынша, соңғы жылдары Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайында көп дүние жасалып жатыр. «Қазақ Номад» тұжырымдамасы аясында қазақтың дәстүрлі киім-кешегін, ұлттық тағамын, қазақтың емдік процедураларын насихаттау жұмыстары қолға алынған. Шипажайға жапсарлас ауданы 450 шаршы метрлік үлкен бөлме күрделі жөндеуден өткізіліп, спорт залы ретінде жабдықталған. Бөлмелерге де кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, шипажай 1998-2002 жылдары аралығында күрделі жөндеуге толық жабылған болатын. Содан кейін күрделі жөндеуден өтпеген. Тек қана ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрған. Ал 2021 жылы 6-қабаттағы 13 стандартты нөмір күрделі жөндеуден өткізіліп, сантехникалық жабдықтары, жиһаздары заманауи стильде жаңартылған.

Яков Стерлигов
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Басты мақсатымыз – заманауи технологиялар, дүние жүзінде бар жаңа технология, медициналық жабдықтар енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, бүкіл тұрғынға және шетелден келетін қонақтарға мықты шипажайымыздың бар екенін көрсету. Осыған орай, нөмірлік қорымызға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол жұмысты 1 жылдың ішінде жасау өте қиын. 125 нөмір бар. Өте көп қаражат керек. Сондықтан жыл сайын 20-25 нөмірден жөндеу жұмысын өз қаражатымыз есебінен жасаймыз. Былтыр 20 нөмірді күрделі жөндеуден өткізсек, биылғы жоспарымызда 26 нөмір бар. Конкурстық рәсімдер өткен соң жұмыс басталады», - деді кешен президенті.

кітапхана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
кітапхана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бұрынырақ шипажай кітапханасы ғимараттың бір шетінде, қалтарыста орналасқан болатын. Өткен жылы оны демалушылардың көзіне бірден түсетін орынға қайтадан жасақтап, коворкинг орталыққа айналдырған. Ішінде демалушылардың талғамынан шығатын қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары, заманауи детектив жанрындағы шығармалар, балаларға арналған әдебиеттер қойылған.

коворкинг
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Орталықта Wi-Fi, компьютер бар. Мәселен, қонақтарымыз 7-10 күнге демалуға келеді. Осы 10 күннің ішінде қонақтарымыздың біріне жұмыс барысына орай құжаттармен жұмыс істеу не нақты бір тапсырмаларды орындау қажеттігі туындауы ықтимал. Сонда ол кісілер осы коворкинг орталыққа келіп, жұмыс істей алады. Ал бұрынғы кітапхана бөлмесін балалардың шығармашылық орталығы ретінде жасақтадық», - деді Яков Стерлигов.

ескреткіш
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Шипажайда кімдер ем алады?

«Оқжетпес» шипажайының атқарушы директоры Аян Ақмұрзиннің сөзіне қарағанда, емделушілер Президент Іс басқармасы емханасының жолдамасы немесе оны сатып алу арқылы келе алады. Ем алушылардың жалпы саны жылына 10 мыңнан асады. Кей жылдары 11 мыңға жуықтап жатады. Мамыр мен қыркүйек аралығы келушілердің шырқау шегі саналады.

Аян Ақмұрзин
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Жаз мезгілінде астаналықтардың көпшілігі Бурабай аймағына ағылады. Өйткені, бұл аймақ елордаға жақын, 225 шақырым ғана. Жалпы, «Оқжетпес» шипажайы тек елордалықтар үшін ғана емес Қазақстанның барлық өңірі тұрғындары үшін жақсы таныс. Қарағанды, Алматы облыстарынан, соңғы уақытта Маңғыстау облысынан келушілердің қарасы қалың. Сондай-ақ жыл сайын 300-400 шетелдік қонақ қабылдаймыз. Олардың ішінде АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Еуропа елдерінен, Ресей мен Өзбекстаннан келушілер көп. Жыл сайын тұрақты түрде келетін шетелдік меймандарымыз да бар. Олардың шипажайымызды таңдау себебі – «Оқжетпес» Орталық Азияда №1 саналады, яғни еуропалық стандарттарға сәйкес сертификаттары бар. Шипажай 4 жұлдызды. Қонақ үйдің өзі де, мейрамханасы да 4 жұлдызды. Ол жыл сайын расталып отыр. Мұнан бөлек, осыдан 5 жыл бұрын Бурабай іргесіндегі «Ақ бура» кешенінің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде аяқталды. Бұл нысан да Президент Іс басқармасының шешімімен «Оқжетпес» кешені құрамына берілмек. Алдағы уақытта «Ақ бура» арықтауға арналған орталық ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Мұнан бөлек, Қатонқарағайда да шипажай ашу мәселесі көтеріліп жүр», - деді Аян Ерденұлы.

Аян Акмурзин
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оның дерегінше, шипажайдағы 2 адамдық стандартты нөмірдің бір күндік жатын пұлы – 78 мың теңге. Оның ішінде 4 мезгіл тамақтануы, 1 мезет қымыз, бассейн, сауна, спорт залы, кино залы, автотұрақ және емдік процедуралар кіреді. Ақылы да емдік процедураларды қосымша алуға болады. Ақылы процедураны келушілер терапевт дәрігердің жазып беруімен өз қалауына қарай алады.

Санаторий Окжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Төңірегіміздегі бәсекелестерді де қадағалап отырамыз. Ірі қонақ үйлер бар. Бірақ, олардың жатын пұлына тек таңғы ас қана кіреді. Басқа дым жоқ. Ал бізде қызметтің бәрі кешенді түрде көрсетіледі. Орналасқан жері де керемет. Қонақ үйдің дәл алдында Оқжетпес, оң жағында Көкшетау таулары орналасқан. Қонақ үй артында толқыны жағалауға ұрып Әулие көл жатыр. Жұмбақ тас та жақын. Халық арасында «Оқжетпестен» орын табу мүмкін емес деген сөз бар. Бұл – жалған ақпарат. Дегенмен, жаз мезгілінде өзің қалаған уақытта орын болмай қалуы мүмкін. Өйткені, қонақтарымыз демалыстарын 2-3 ай бұрын жоспарлап, алдын ала бронь жасап, ақшаларын төлеп қояды. Бізде келушілерге бірқатар жеңілдік бар. Туған күн иелеріне, мүгедек жандарға, зейнеткерлерге, кәсіподақ ұйымдарына 10 пайыздан бастап үлкен жеңілдіктер береміз. «Оқжетпес» шипажайы Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру арқылы қызмет көрсетпейді. Дегенмен, бұл бағыттағы көмекті «Almaty resort» шипажайынан алуға болады. Соңғы уақытта «Оқжетпесте» де МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету мәселесі көтеріліп жүр. Бірақ, оған шипажайдың мүмкіндігі жоқ. Біріншіден, жатын-орын саны жетіспейді. Екіншіден, емдік процедурасы бөлек. Келушілерді МӘМС арқылы қабылдау үшін жаңа емдік процедураларын әзірлеу қажет болады. Жалпы, бұл мәселенің жақын арада шешіле қоюы қиын. Ол үшін жаңа ғимарат салу қажет», - деді Аян Ақмұрзин.

санаторий
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Нафталанмен емдеу

Шипажайдың емдеу-сауықтыру бөлімшесіне Любовь Конаплева басшылық жасайды. Ұзақ жылдары бойы Астанағы Президент Іс басқармасына қарасты Медициналық орталықта лауазымды қызмет атқарған ол зейнетке шыққаннан кейін шипажай басшылығының шақыруымен Бурабайға қоныс аударған.

оқжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Шипажайымыздың басым бағыты – мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне, республика және ТМД елдері тұрғындарына оңалтудың 10 бағыты бойынша қызмет көрсету. Олар жүрек-қан тамыры, тыныс алу мүшелері, тірек-қозғалыс аппараты, жүйке жүйесі, қан тамыры аурулары сияқты дерттер. Дегенмен, басым бағытымыз тірек-қозғалыс аппараты мен жүрек-қан тамыры жүйесі саналады. Қазіргі уақытта емдеудің жаңа түрін енгізіп жатырмыз. Ол – Нафталанмен емдеу. Бұл мұнай өнімі және бұрындары Қазақстанда қолданылған емес. Әзербайжаннан әкелінген Нафталанмен емдеуді біздің шипажаймыз ең бірінші болып қолға алды», - деді Любовь Конаплева.

Батима Камарова
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Нафталанмен ем-дом жасайтын Бәтима Қамарова оның мұнайдан жасалған күшті дәрі екендігін айтады. 70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді екен.

«Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады. Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді. Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал біз Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Алғашқы уақытта ем алушылар саны аз болатын. Бүгінде күніне кемінде 10 адам осы емді алып жатыр. Сұраныс артуда. Емделушілер бір-бірінен де естіп келеді», - деді дәрігер.

Лечение нафталаном
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оның атап өтуінше, онкологияға шалдыққандар, туберкулездің ашық түріне ұшырағандар, ағзасында өткір жұқпалы ауруы, қан қысымы, жүрек ауруы барлар Нафталанмен ем ала алмайды.

Любовь Конаплева
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Любовь Конаплеваның айтуынша, шипажайда физикалық терапевтикалық кабинеттер, типтік сумен емдеу орны және себезгі залы, балшықпен емдеу орны, урология, стоматология, массаж және ем-шаралар кабинеттері, ішекті мониторлық тазалау кабинеті, ингалятор, фитобар, зертханалық-диагностикалық бөлімше, косметологиялық кабинет, дәріхана орналасқан. Емдеу ғимаратында өткізілген терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін қуатты аспаптық база бар.

мужчина и женщина
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Санаторий
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Санаторий Окжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Санаторий Окжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Санаторий Окжетпес
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар