Оңтүстік Африка Израильдің Рафахтағы әрекеттерін айыптап Халықаралық сотқа жүгінді

Африка
Фото: aa.com.tr

АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Африка Республикасы БҰҰ Халықаралық сотына (ICJ) шұғыл өтініш беріп, Израильдің Рафахта өткізуді жоспарлап отырған жерүсті операциясы үшін соттың өз құзыретін жүзеге асыруын талап ете ме, жоқ па деген шешім шығаруды сұрады, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

ОАР жазбаша өтінішінде үкімет дүйсенбі күні Халықаралық сотқа шұғыл сұрау жіберіп, Палестина құқықтарының одан әрі бұзылуына жол бермеу үшін өз құзыретін пайдалану керек пе деген шешім қабылдауды сұрады. 

Мәлімдемеде үкіметтің Рафах қаласына жасалған шабуылдар әлі адам шығынына әкеліп соқтырғаны жазылған. Тосқауыл қоймаса, әлі де адам шығыны мен қираулар үлкен шығынға ұшырататыны атап өтілген.

Құжатта көрсетілгендей, Рафахқа жасалған шабуылдар 2024 жылдың 26 қаңтарында Израильге қарсы шығарған «өкімдері» мен «Геноцидтің алдын алу және жазалау туралы конвенцияны» өрескел бұзатыны сөз болған. ОАР үкіметі соттың Газадағы күн сайынғы өлім-жітім санын ескере отырып бұл мәселені шұғыл түрде шешетініне сенім білдірді.

«Израиль армиясының Рафахқа жасаған шабуылдары салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды, ал жоспарланған құрлық шабуылы гуманитарлық апат қаупін арттырып» - делінген хабарламада.

Израиль Газаға жасаған шабуылдары кезінде ондаған мың палестиналықтарды ажал құштырып, аумақтың солтүстік және орталық тұрғындарының көпшілігін Мысырмен шекарадағы Рафахқа жаппай қашуға мәжбүр етті.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының соңында Оңтүстік Африка Газа секторындағы жағдайға байланысты Гаагадағы халықаралық сотқа геноцид конвенциясына сәйкес Израильге қарсы шағым түсіріп, сотты Израильге қарсы уақытша шара қолдануға шақырды.

11 қаңтарда сот Халықаралық қылмыстық сот Оңтүстік Африканың Израильге қарсы Израильдің әрекетін Палестина халқын геноцид деп тану туралы арызын қарай бастады.

Соңғы жаңалықтар