Оралда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

салтанатты жиын
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОРАЛ. KAZINFORM – Бүгін «Атамекен» өнер орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш өтті. 

Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев ел дамуында ер азаматтардың орны мен ерлігін тілге тиек етіп, олардың өңірде болған су тасқыны кезінде жасаған еңбектеріне ерекше тоқталды. 

Орал
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Облысымыздан және басқа да өңірлерден 3 мыңға жуық күштік құрылым қызметкерлерімен қатар, елдің нағыз патриоттары, болашақ қорғандары жастар қауымы қиын сәтте ұйымшылдық танытып, ел үшін аянбайтындарын дәлелдеді. Бұдан бөлек, еріктілер мен қарапайым тұрғындарымыз да күндіз-түні тасқын суға қарсы жұмыстарға қол ұшын созды. Нәтижесінде, уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Орал қаласы мен облысымыздың 4 ауданында орналасқан 84 елді мекенін су тасқынынан аман алып қалдық», - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі. 

Орал
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасып, халыққа қорған болған күштік құрылым қызметкерлері мен сын сағатта аянбай еңбек еткен жандарға құрмет көрсетілді.  

Салтанатты кеш жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты. 

Орал
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар