Өскеменде өзгенің көлігін айдап кеткен ер адам дүкенге соғылды

Өскеменде өзгенің көлігін айдап кеткен ер адам дүкенге соғылды
Фото: ШҚО ПД

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында өзгенің көлігін айдап кетіп, дүкенге соғылған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қаладағы Металлургтер мәдениет сарайының маңында «Audi» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан азамат дүкенге келіп соғылған. Соңынан анықталғандай, бұл көлік жүргізушіге тиесілі емес болып шықты.

«Тәртіп сақшыларына хабарласқан Өскемен тұрғыны автокөлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін жеткізді. Көп ұзамай сол көлік жол апатына түскен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, жол-көлік оқиғасы бойынша жеке іс қозғалады.

Еске салсақ, осыған дейін Семейде бозбала мотоцикл тізгіндеп, өзін тоқтатқан полицейлерден қашқаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар