Павлодарда студент қыз жатақханада өзіне қол жұмсады

өзін өлтіру
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM- Полиция өзін-өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыз бала жергілікті оқу орнында білім алған.

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының біріне қарасты жатақханадан студент қыз өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіні шарлап кетті.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«2024 жылғы 20 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды» деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасағанын хабарлаған едік. 
 

Соңғы жаңалықтар