Павлодарда ұлттық қауіпсіздік қызметі ардагерінің атына көше берілді

Үкімет Смағұлов
Фото: pavlodarnews.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыс орталығындағы Урицкий көшесі бұдан былай Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері Үкімет Смағұловтың есімімен аталады. Ол ұзақ жылдар бойы еліміздің қауіпсіздік саласында еңбек етіп, генерал-майор дәрежесіне дейін жетті.

Көшенің ашылу салтанатына Үкімет Смағұловтың көзін көрген ардагерлер жиналды. Олар тұлғаның қызмет еткен жылдарғы еңбегін, адамгершілік болмысы туралы естеліктермен бөлісті. Қай уақыт болмасын елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жауапты іс. Ардагер сол қиын жолдан қайсар болмыс, терең білімімен өте білген жанның бірі.

Ү.Смағұлов - КСРО қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері, Павлодар облысындағы ұлттық қауіпсіздік комитетін 16 жыл басқарған. Саладағы 45 жыл еңбек өтілінде елдің қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосты.

Генерал-майордың қарындасы Рахила Смағұлова бұл игі іс ол өз әулеттері үшін, ағасының рухы үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Скриптониттің туған ауылы Атамекен болып өзгерді.

Соңғы жаңалықтар