Павлодардағы жаңа мектеп зағиптар қоғамы ұйымының орнына салынатын болды

Маңғыстау облысында 36 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті
Фото: Александр Павский/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша тұрғызылатын білім ұясы үшін шамамен 3-3,5 гектардай жер қажет. Зағиптар қоғамының тігін цехы орналасқан аумақ құрылыс үшін ең қолайлы орын саналып отыр.

Өткен аптада облысқа жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл мәселеге көңіл аударып, әкімдіктің жоспарымен танысты.

«Облыс басшылығы зағиптар қоғамы үшін өзге жерден жаңа ғимарат беріліп, тігін цехы үшін жаңа тігін машинкалары сатып әперілетінін айтып отыр. Қазіргі кешенге жақын тұратын жандарды жаңа орынға тегін тасымалдайтын автобус ұйымдастырылады. Меніңше, бұл – қолайлы жағдай. Аталған кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді. Ал жаңадан салынатын мектептің қызығын 1200 оқушы көретін болады», - деді Светлана Жақыпова бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралинның сөзінше, Усолка мен Затон шағын аудандарындағы оқушылар орнының жетіспеушілігі мың жарымның үстінде. Кейінгі үш жылда оқушылар саны еселеп артып, жаңа мектеп салу жобасын тездетуді қажет етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар