Павлодарлық коллекционер жинаған заттардың арасында сирек бұйымдар бар

Ерғанат Ахметов
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

АҚСУ. KAZINFORM – Ақсу қаласында тұратын Ерғанат Ахметов жылдар бойы ескі теледидарлар мен радиоқабылдағыштар, күйтабақ ойнатқыштар мен магнитофондар, фотоаппараттар, толып жатқан түрлі тұрмыстық заттарды жинай берген. Бүгінде оның жеке қорында 300-ден астам зат бар.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Ең көне бұйым – шамамен 1700 жылдары шығарылған оттық. Оттықтың бір жағында ішіне құрғақ шөп салып қоюға арналған былғары қалта, екінші жағында темір кесегі орналасқан. Ертеде адамдар әлгі оттықпен тасты үйкелеп, одан пайда болған ұшқыннан құрғақ шөпті тұтатқан. Көне бұйым еуропалық мәнерде жасалғаны көрініп тұр.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Тағы бір көне зат – 1918 жылы шығарылған, ең алғашқы қалтаға салатын Kodak маркалы фотоаппарат. Бүктемелі фотоаппаратты ағасының досы Нидерландыдан арнайы беріп жіберіпті. Есте жоқ ерте замандарда шығарылған бұйымдардың қатарына ХІХ ғасырда жасалған күміс қасықты, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында шахтерлер кеңінен пайдаланған карбидті шамды қосуға болады. Бұл шамның ыдысына кәдімгі карбид салынып, үстіне су құйылған. Одан реакция пайда болып, бөлінген газ кәдімгі жарық шығарып тұрған.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Күміс қасықты Ерғанат ағаның анасы Марксиана Ескендірованың әжесі қолданған екен. Анасы ғұмыр бойы мұғалімдік етіп, жас ұрпақты тәрбиелеген, бүгінде жасы тоқсаннан асып отыр.

«Ескі заттарға деген қызығушылығым сонау 1990-жылдардың ортасынан бастап оянды. Ол кезде Май ауданында тұрдық. Күресінге лақтырылған ескі теледидар, радиоқабылдағыштарды үйге алып келіп, тазартып, сақтап қоятынмын. Менің бұл хоббиімді байқаған ауылдастарым көне тұрмыстық заттарды бірінен соң бірі әкеле бастады. Көптігі сондай, кейін тіпті оларды қабылдамай қойдым. Тек бүтіндерін ғана алатынмын», - деп жымияды Ерғанат Әлмырзаұлы.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Мұнда сонау 1960-жылдары Минскіде құрастырылған, салмағы 38 келі болатын «Беларусь 110» теледидары да жақсы сақталыпты. Бұл – теледидар ғана емес, радиоқабылдағышы мен күйтабақ ойнатқышы бар ерекше құрал. Ерекшелігі сол, дыбысы мен экран жарығын реттеуге арналған қашықтан басқару пульті де бар. Сол уақытта мұндай теледидарлар 432 сом тұрған екен.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Радиоқабылдағыштың ең көнелерінің бірі – Латвияда шығарылып, КСРО-да танымал болған «Ригондо Моно», 1965 жылы жасалған. Бұдан басқа сонау 60-70-ші, тіпті 50-жылдары құрастырылған «Родина-52», «Балтика-М254», «Ленинград-315», «Исеть» радиоқабылдағыштары да бар. Алғашқы кеңестік калькуляторлар, ескі телефон аппараттары мен көне сағаттар, шоқ салып қыздыратын үтіктер жақсы сақталған. Кейбір тұрмыстық заттар әлі күнге дейін іске жарамды.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Қазіргі селекторлық телефон байланысының алғашқы үлгілерінің бірі – «КД-6» телефон аппаратын да байқадық. Кеңес одағы тұсында совхоздар мен бөлімше басшыларының арасында танымал болған байланыс құралы сонау 1978 жылы шығарылған. Бұл құрал арқылы 6 адам бір уақытта сөйлесе алыпты.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Кеңес өкіметінде ең көп шығарылған «Рекорд 312» лампалы теледидары, «Эврика» магнитофоны, «Концертный» күйтабақ ойнатқышы 1970-жылдардың соңында құрастырылған. Ғажайыбы сол, Ерғанат ағаның үйіндегі бұл құралдар әлі күнге жақсы істеп тұр.

«Ол замандарда ғарыш тақырыбы кеңес адамдарын ерекше қызықтырған екен. Латвияда ғаламшар үлгісінде шығарылған «Сатурн» шаңсорғышымен әлі күнге дейін балаларым үй жинайды. Кейбір заттарды реставрациялап, тұрмысқа лайықты етіп жасадық. Мысал үшін, фотоаппараттардың объектілерінің орнына жарық шамын орнатып, кәдімгі шамдал жасадық. Ағам да өнерлі адам. Ол темір мен ағаштан, сүйектен небір туындыларды жасайды. Жасаған заттарының біразын маған сыйға тартты. Мен де қолөнерге жақынмын. Ал анам кезінде өз қолымен бастырған киіз алашасын әлі күнге дейін шаң тигізбей сақтаймыз», - дейді ол.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

Келешекте отағасы үйіндегі заттардың есебін жүргізіп, музей ашпақ ниетте.

жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform
жәдігер
Фото: Мұрат Аяған/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар