Петропавлда 47 жастағы ер адам өзіне қол салды

суицид
Фото: Freepik

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл тұрғыны өз үйінде асылып қалды. Қазіргі уақытта осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Петропавл тұрғынының суицид жасағандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі суицид фактісін растады.

«10 мамыр күні өз үйінде асылып тұрған 47 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін СҚО-дағы Соленое көлінде 1,5 центнер балықтың кәсіпкердің кінәсінен қырылғандығын айтқан едік.

 

Соңғы жаңалықтар