Петропавлда бесінші қабаттан құлаған әйел аман қалды

өзіне қол жұмсау
Фото: Pexels

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін болған.

Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен. 

Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. 

Әйел түрлі дене жарақатын алды.

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.

Қазіргі уақытта осы дерек тексеріліп жатыр. 

Бұған дейін пара алып ұсталған астаналық жедел жәрдемнің бұрынғы басшысының енді 36 млн теңге айыппұл төлейтінін айтқан едік.  

Соңғы жаңалықтар