Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

бектенов
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады. 

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам.

Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы — тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді. Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. 

Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін!», - деді Олжас Бектенов. 

Соңғы жаңалықтар