Рим турнирінде Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Рыбакина
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Италия астанасы Рим қаласында теннистен әйелдер және ерлер арасында өтетін турнирдің жеребесі тартылды.

Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 жарысында Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды. 

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 161-орында тұрған румыниялық Ирина Бегу немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды. 

Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 87-сатыдағы италиялық Мартина Тревизаннан өтуге тырысып көреді. 

Ерлер арасында Рим мастерс турнирін Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик те екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 51-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинес-Портеро немесе рейтингіде одан екі саты кейін тұрған португалиялық Нуну Боржештің қай жеңгенімен кездеседі. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко рейтингіде 36-сатыдағы мажарстандық Фабиан Марожанмен шеберлік байқасады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдік рейтингіде рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде ТОР-40-қа жақындады. 

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды.

Михаил Кукушкин Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады. 

Соңғы жаңалықтар